×

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады

 Халық үні 25.02.2024 | 20:30
Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда жеті облыста дауылды ескерту жариялады. 

Синоптиктердің айтуынша, дауыл соғып, тұман түседі. Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік, шығысында және Көкшетауда тұман болады.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында және Алматыда кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, бұрқасын болады. Сонымен қатар облыстың солтүстік, батысында, таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Шымкентте 26 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 26 ақпанда күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлда қар жауып, көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама