×

Бүгін кешке футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді

Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 16:16
фото: bassport.kz

25 ақпанда футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді. Бұл ойында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездеседі.

Ойын алғаш рет елімізден тыс жерде ұйымдастырылып отыр. Ол Түркияның Анталия қаласындағы «Титаник Мардан» стадионында Астана уақытымен сағат 18:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Суперкубок ойындары биыл 19-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Қазірге дейін финалда 10 команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» 10 мәрте финалда ойнап, 5 мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, екеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал «Ақтөбе» 3 (2008, 2010, 2014), және «Тобыл» (2021, 2022) 2, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанмен оған әлі қол жеткізе алған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама