×

Қазақстан төрешісі Ирандағы турнирде үздік деп танылды

Жарысты ұйымдастырушылар Арайлым Аймурзинаның еңбегін бағалады

 Дастан Жұмабекұлы 25.02.2024 | 12:35
Фото: olympic.kz

Таеквондодан Иранда өткен G2 санатындағы President’s Cup Asian Region турнирінде Арайлым Аймурзина үздік деп танылды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жарысты ұйымдастырушылар қазақстандық төрешінің еңбегін бағалап, оған үздік төреші атағын берді.

Ирандағы турнирде Қазақстан командасы бес медаль жеңіп алды.

Құрама қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар. 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама