×

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, рульге ие бола алмай, машианны аударып алған

 Дастан Жұмабекұлы 25.02.2024 | 12:09
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі жолаушы жарақат алды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жол апаты Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында болған.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, рульге ие бола алмай, машинаны аударып алған.  Соның кесірінен жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Осы оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама