БҚО-да жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
Өткен жылы облыста 24 адам суға кетсе, соның 8-і балалар еді
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған.
Кешкі сағат 18.00-де ауылдан үш шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде 14 жастағы ер бала ажал құшты.
Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні таңғы сағат 07.00-де, оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылды.
Бұл – биылғы осындай бірінші оқиға. Өткен жылы облыста 24 адам суға кетсе, соның 8-і балалар еді.