×

Алматыда тағы жер сілкінді

Дүмпу 3 балл болып сезілген

 Дастан Жұмабекұлы 25.02.2024 | 10:55
Фото: egemen.kz

Бүгін сағат 10:16 шамасында Алматы қаласында жер сілкінді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы сейсмикалық станцияларының желісіне эпицентр туралы түскен ақпаратты қаралып жатыр.

Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді.

Жер сілкінісі туралы ақпарат толық қаралып болған соң министрлік мынадай хабар таратты.

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 25 ақпанда  Алматы уақытымен 10 сағат 14 минут өткен жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) болды.

Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл жер сілкінді, – делінген хабарламада.

Ақпарат толықтырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама