Спортшы былтыр да Котбустағы кезеңде қола медальді жеңіп алған болатын
Гимнасшы Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15 433 балл алды. Іріктеуде Нариман Курбанов 15 600 ұпай жинап, көш басына шыққан еді.
Нариман Курбанов былтыр осы Котбустағы кезеңде қола медальді жеңіп алған болатын.
Бұл сайыста күміс жүлде Иордания атлеті Абу әл-Сауд Ахмадтың, қола медаль Оңтүстік Корея өкілі Ун Хурға бұйырды. Бұл екі спортшы 15.300 ұпайдан жинады. Жаттығудағы қиын элементтер Абу әл-Саудта көп болғандықтан басымдық соған берілді.