38 градус аяз: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
Шығыс Қазақстанда 23-38°С аяз болады деп күтіледі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы QazAvtoJol–дың баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік және орталық Қазақстанда 10-23°С дейін күн суытады.
Ал Шығыс Қазақстанда 23-38°С аяз болады деп күтіледі.
«Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.