Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтардың 76%-ға жуығы Ата заңға түзетулер енгізуді қолдайды

Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие

 Халық үні 29.05.2022 | 14:30
Қазақстандықтардың 76%-ға жуығы Ата заңға түзетулер енгізуді қолдайды
Фото: inform.kz

AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген Referendum: Halyq üni зерттеуінің қорытындысын жариялады.

Ұйымның мәліметінше, ел тұрғындарының 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сондай-ақ әлеуметтік деректер азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отырғанын көрсетті.

Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын дәлелдеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты», - деді Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева.

Айта кетсек, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы тұрақты негізде зерттеулер жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама