Halyq Uni логотип
×

«Ажалдың аузына барып қайттым»: Жүрсін Ерман қазіргі жағдайы туралы айтты

Оның айтуынша, бір әйел түс көріп, ауруының еміне аян берілген.

 Халық үні 24.02.2024 | 21:33
«Ажалдың аузына барып қайттым»: Жүрсін Ерман қазіргі жағдайы туралы айтты
фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман Жандарбек Бұлғақовтың youtube-арнасына берген сұхбатында ауыр дерті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, бір әйел түс көріп, ауруының еміне аян берілген.

«Бірде маған бір әйел хабарласып, «9 жыл зерттеп, жаңа дәрі ойлап шығардық, басқа жердің күрішінен шықпады, тек Бақанастыкінен ғана шықты» деді. Осы дәріні шығарған соң ол түс көрген екен. «Маған түсіме «Жүрсін Ерманға осы дәріні апарып бер, ем болады» деп аян берді» деп айтты. Бір айдан бері соның дәрісін ішіп жатырмын. Мені емдемеген емші қалған жоқ. Шүкір Аллаға, көптің тілегі қабыл болды ма, ажалдың аузына барып қайтып, «онда қызық ештеңе жоқ екен» деп аман жүріп жатырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама