Динара Зәкиева Instagram парақшасындағы Stories-те балалардың үлкені 5, кішісі 1,5 жаста болғанын, олардың үйде жалғыз қалғанын айтып, жазба жариялады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өрт салдарынан көз жұмған төрт баланың отбасы туралы айтты.
Динара Зәкиева Instagram парақшасындағы Stories-те балалардың үлкені 5, кішісі 1,5 жаста болғанын, олардың үйде жалғыз қалғанын айтып, жазба жариялады.
«Анасы - мектепте мұғалім, әкесі құрылыста жұмыс істеген. Ер адам қыс уақытында өз шаруашылығымен айналысқан. Қайғылы жағдай 23 ақпан күні кешке болған. Облыс әкімінің орынбасары, ТЖД, құзырлы органдар оқиға орнында. Қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Зәкиева.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында үйде өрт шығып, 4 бірдей бала көз жұмғаны хабарланды.