25 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша тұман күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман күтіледі.