ШҚО-да 3 адам газдан уланды

Динара Амантай

Екі ер адам мен әйел ауруханаға жатқызылды

Фото: Halyq Uni

Ұлан ауданының үш тұрғыны пештің тазаланбаған мұржасы себебінен ауруханаға түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Гагарино ауылындағы тұрғын үйде мұржасы уақтылы тазаланбаған пештің жағылған. Салдарынан улы газ бөлмелерге тарап, адамдардың улануына әкелді.

Екі ер адам мен әйел ауруханаға жатқызылды.