Halyq Uni логотип
×

Қарқаралыда үй өртеніп, 4 бірдей бүлдіршіннің өмірі қиылды

Балалар үйде қараусыз қалған

 Ербол Тұрымбет 24.02.2024 | 11:01
Қарқаралыда үй өртеніп, 4 бірдей бүлдіршіннің өмірі қиылды
Фото: видеодан скриншот, Patriotnews.kz

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында үйде өрт шығып, 4 бірдей бала көз жұмған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Департамент мәліметінше, 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары жанған.

Өрттің салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.

Зардап шеккен отбасына жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, – делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама