Алматыда жер сілкінісі болды
Алматыда 3 балл болып сезілді
Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда сағат 04:58:53-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Қытайда афтершок болған. Алматы қаласында 3 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.
Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - делінген хабарда.