Жанжал Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде болған
Желіде дәмханада жағаласып қалған ер адамдардың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
Жанжал Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Куәгерлердің сөзінше, бір топ ер адам мас күйде кафе қызметкерлерін ұрып-соққан. Екі бармен жараланды. Оқиға бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Күдіктілер ұсталды.
«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Жанжал қатысушылары анықталды. Олардың бірі – 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Оқиға орнынан бейнежазбалар алынып, куәгерлерден жауап алынды», - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.