Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде
Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балабақшада бір топ баладан қорлық көрген балаға қатысты ақпаратпен бөлісті.
Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр, - деді Зәкиева.