Ескі көпірді тексеріп жүрген кезде тәртіп сақшылары жаңа аспалы көпірге қарай ағып бара жатқан адамды байқайды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 28 мамырда кешке «102» арнасына Ертіс өзенінде ер адамның бөренеге жармасып, ағып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Ескі көпірді тексеріп жүрген кезде тәртіп сақшылары жаңа аспалы көпірге қарай ағып бара жатқан адамды байқайды.
Экипаждың үйлесімді әрекетінің арқасында суға батып бара жатқан ер адам жағаға шығарылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң дәрігерлердің қарауына жіберілді.