Бұралқы иттердің адамға шабуыл жасау дерегі азаяр емес
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда иесіз қалған жануарларды өлтіруге қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін депутаттар иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін заң жобасын қарауға кіріскен еді. Министр неге мұндай шешім қабылданып жатқанын айтты.
Біз бұл заңда (жануарларды) аулау, зарарсыздандыру, вакцинация принципін қарастырдық. Неге екенін түсінесіз бе? Бүгінде (бұралқы иттердің) адамдарға шабуыл жасау фактілері, бұралқы иттердің саны азаймай тұр. Оларды қоректендіруге қатысты проблема бар. Содан кейін бұл иттер агресивті болады, - деді Ерлан Нысанбаев Сенатта өткен парламенттік комиссия отырысынан соң.
Ведомство басшысы жануарларға бірден эвтаназия жасалмайтынын атап өтті.
«Заң бойынша 2 кезең бар. Мысалы, тіркелген (иесі бар) иттер 60 күнге қабылдау пунктеріне қамалады. Алайда бұралқы иттер 1 ай (пункте) болады. Сондай-ақ оларды жеке қабылдау орындарының (приемник) иелері алып кете алады. Егер жоғарыда аталған жағдай болмаса, оларға эвтаназия жасалады... Біз депутаттармен бірлесіп, дұрыс шешім қабылдаймыз деп ойлаймын», - деді министр.
Сондай-ақ ол қазақстандықтарды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
(Ит асырап алсаң) оған жауапкершілікпен қарау керек. Бұл олардың иелеріне қатысты. Мысалы, күшікті алдың дейік. Сен оны өлгенге дейін асырай аласың ба дегенді ойлау керек.
Мысалы, менің 2 төбетім бар. Олар – өте үлкен және кәрі, 13 жаста. Оларға жаным ашиды. Себебі иттер ұзақ өмір сүрмейді.
Осыған байланысты (жануарларға) жауапкершілікпен қарауға қатысты түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Бүгінде жергілікті атқарушы орган қызметкерлері бұл жұмысты жүргізіп жатыр», - деді Ерлан Нысанбаев.