Бұған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралығын да қамтиды
24 ақпаннан бастап «Астанаинерт»-«№ 4 өрт сөндіру бөлімі» арасында жаңа №42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бағыт:
Оған қоса, бұған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Тұран даңғылының Ұлы дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралығына қызмет көрсетуді іске асырады.
Сондай-ақ бағыт «ҚР ІІМ орталық госпиталі», «№2 қалалық көпсалалы аурухана», «№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы», «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» ауруханаларына қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Тұран даңғылының Орынбор және Р. Бағланова көшелерінің арасы уақытша жабық болуына байланысты, бағдар Қабанбай батыр даңғылымен жүреді.