×

Ақтөбеде мектеп-гимназияның бас есепшісі сотталды

Ол 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды

 Динара Амантай 23.02.2024 | 15:05
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе қаласының №2 соты қаладағы №55 мектеп-гимназиясының бас есепшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде өтті. Оған онлайн режимде білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептің директорлары, есепшілері, педагогикалық құрамы қосылды.

Бұл ретте мектептің бас есепшісі аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталып отыр. Ол 8 жыл бойы өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған. Салдарынан мемлекетке 413,8 млн теңге залал келтірілді. Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған. Бұл – бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30%-ы.

Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама