Halyq Uni логотип
×

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды

Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан асады

 Динара Амантай 23.02.2024 | 14:59
Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі Польшадан экстрадицияланды
Фото:

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол 2022 жылы құрған қылмыстық топ Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан. Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі – 1 тоннадан астам, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны – 1,5 млрд теңге.

Аталған қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері ұсталды. Ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған болатын. Былтыр тамызда күдікті Польша аумағында ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазір Астананың тергеу изоляторына қамалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетсек, аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама