Сөйтіп, белгісіз затпен уланып, қайтыс болғандар саны алтыға жетті.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам кеше жансақтау бөліміне жеткізілген.
1980 жылғы науқастың жағдайы өте ауыр болды. Өкінішке қарай, ол бүгін, 29 мамырда таңертең көз жұмды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сөйтіп, белгісіз затпен уланып, қайтыс болғандар саны алтыға жетті.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір жансақтау бөлімінде белгісіз сұйықтықтан уланған тағы бір ер адам бар. Оның да жағдайы өте ауыр.
Аталған дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.
Еске салсақ, кеше Павлодар облысындағы Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланған болатын Олардың барлығы канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, қалғаны Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұл да бар.