×

Жамбыл облысында құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 23.02.2024 | 13:57
Фото: polisia.kz

«Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараздың 50 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сақтап келгені үшін қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 10 миллион теңгеден асады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама