Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды
23 сәуірде ДДСҰ бір айда 16 жасқа дейінгі балаларда 169 инфекция жұқтыру дерегін мәлімдеді
Бұл белгісіз гепатиттен дүниежүзі бойынша 650-ге жуық бала зардап шегіп үлгерген. Сәуір айының басынан тарай бастаған белгісіз гепатит 33 елде анықталды. Ең көп жұқтырған жеткіншектер Ұлыбритания (222) мен АҚШ-та (216) тұрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, кесел Тынық мұхитының батыс бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі елдері де жаңа гепатиттен зардап шеккен. Инфекция Аргентина, Австрия, Бельгия, Болгария, Канада, Кипр, Дания, Франция, Греция, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Мальдив, Мексика, Молдова, Нидерланды, Норвегия, Палестина автономиясы, Панама, Польша, Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Испания және Швеция елдерінде байқалған. Германия мен Ресейде жаңа гепатитті жұқтырудың фактілері әлі тіркелген жоқ. ЕО елдерінде 75-тен астам инфекцияны жұқтыру дерегі 5 жасқа дейінгі балаларда кездескен.
ДДСҰ хабарламасында бұл балалардың бауырының даму баяулығынан екені айтылған. Жағдайлардың 6 пайызында балаларға бауыр трансплантациясы қажет болды. Өкінішке қарай, 9 бүлдіршін көз жұмған. Сонымен қатар, мамандар инфекцияның көзі мен қоздырғыштың жұғу әдістерін әлі нақты анықтай алмай жатыр. Алайда, кейбір науқастардан аденовирус пен коронавирус белгілері бар.
Гепатит осы вирустардан кейін асқыну ретінде пайда болады деген деректер де жоқ емес. ДДСҰ бұл гипотезаны зерттеуді жалғастыруда. Дәрігерлер белгісіз гепатит пен инфекцияның алғашқы жағдайларын сәуір айының басында анықтады. 5 сәуірге дейін Орталық Шотландиядағы балалардың науқастануының 10 дерегі, 8 сәуірге дейін бүкіл Ұлыбританияда 74 жағдай тіркелді. 23 сәуірде бір айда 16 жасқа дейінгі балаларда 169 инфекция жұқтыру дерегі анықталды. Осы жағдайлардың ешқайсысынан ғалымдар А, В, С, D және E гепатиттерінің белгілі вирустарын таппады.