Алматыда тағы да жер сілкінді
Зардап шеккендер мен нысанның қирағаны туралы ақпарат жоқ
ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 10:08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде орналасқан Қытай аумағында – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер мен нысанның қирағаны туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелең тудырмауға кеңес береді.