Halyq Uni логотип
×

Астанада қатарлық инвестор 2 жыл бойы жобасын іске асыра алмай келген

Инвестициялардың жалпы көлемі – шамамен 90 млрд теңге

 Динара Амантай 23.02.2024 | 10:18
Астанада қатарлық инвестор 2 жыл бойы жобасын іске асыра алмай келген
Фото: Halyq Uni

Астанада қатарлық инвестор 2 жыл бойы жобасын іске асыра алмай келген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуратурасының мәліметінше, Synosure компаниясы Қатардың инвесторы Еlegancia Healthcare W.L.L. компаниясымен бірлесіп, елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр.

Бұл жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі – шамамен 90 млрд теңге. Оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алайда үшінші тұлғалар арасындағы сот дауларына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған.

Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама