Halyq Uni логотип
×

«Отбасының цифрлық картасы» 2025 жылға дейін қолданысқа енеді

Бұл құрал әлеуметтік қауіп-қатер аймағындағы отбасыларды жедел анықтауға және оларға қажетті қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді

 Халық үні 29.05.2022 | 10:45
«Отбасының цифрлық картасы» 2025 жылға дейін қолданысқа енеді
Фото: inform.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Отбасының цифрлық картасы» жобасының іске асырылуы туралы айтты.

Министрлік өкілінің айтуынша, бұл құрал әлеуметтік қауіп-қатер аймағындағы отбасыларды жедел анықтауға және оларға қажетті қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүйе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинайды, соның негізінде табыс, денсаулық, білім, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар сияқты белгіленген критерийлер бойынша отбасының әл-ауқатын бағалайды. Бұл отбасылардың қажеттіліктерін автоматты түрде анықтауға және оларға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Ақмәди Сарбасов.

Шара барысында аталған бастамалар негізгі стратегиялық құжаттарда көрініс табатынын және халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасында, сондай-ақ, әзірленіп жатқан «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңда және Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетінін атап айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама