23 ақпан түнгі 01:00 кезінде ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді.
23 ақпан түнгі 01:00 кезінде ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді.
Абай облысында — үш учаске, жалпы ұзындығы — 153 км.
Ақмола облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 28 км.
Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 145 км болатын бір автожол.
Шығыс Қазақстан облысында — барлығы 7 учаске, ұзындығы — 1238 км.
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 1141 шақырым болатын 5 автожол.
Солтүстік Қазақстан облысында — екі жол, жалпы ұзындығы — 59 км.
Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 316 техника мен 382 адам жұмыс істеп жүр.