Айтбек Амангелді бұны Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргенін мойындамады, оны сүйген деген адвокатының мәлімдемесіне орай жариялады
Бұрынғы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі, марқұм Салтанат Нүкенованың інісі бүгін әлеуметтік желідегі парақшасына қылмыс болған сәттен видео жариялады.
Онда экс-министрдің келіншегін ұрып құлатқанын көруге болады.
Адвокаттар оны ұрмады деп отыр. Бірақ бізде әртүрлі бұрыштардан, дененің әр жеріне қайта-қайта соққы жасаған және тепкілеген сәті түсірілген видео бар. Медициналық сараптама қорытындысы (бейнедегі скриншоттар) бар, онда сарапшылар тек басынан кем дегенде 13 соққы алған деген қорытынды жасаған, - деп жазды Айтбек Амангелді.
Ол бұны Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргенін мойындамады, оны сүйген деген адвокатының мәлімдемесіне орай жариялап отыр.