Halyq Uni логотип
×

Павлодарда 5 адам белгісіз сұйықтықтан уланып, қайтыс болды

Әзірге олардың неден уланғаны беймәлім

Павлодарда 5 адам белгісіз сұйықтықтан уланып, қайтыс болды
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының Ертіс ауданында бес дам белгсіз сұйықтыққа уланып, қайтыс болды. Тағы екеуі ауруханада. Оның бірі облыс орталығына жеткізілді, жағдайы аса ауыр.

Кеше кешкі сағат он шамасында 67 жастағы үй иесімен оның 32 жастағы баласының денесі табылған. Ал бүгін тағы үш адамның көз жұмғаны белгілі болды.

«Олардың денесінен ешқандай зорлық-зомбылықтың ізі байқалмайды. Неден уланғаны да әзірге беймәлім. Анығы – олардың бәрі бір ыдыста сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Сот медициналық сараптаманың нәтижесінен кейін ғана мән-жайды анық айта аламыз», - дейді полиция департаментінің өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама