×

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

Сот 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы да шешім шығарды

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2024 | 16:18
Фото: sport24.ru

Испания соты «Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы, бразилиялық Дани Алвесті әйел зорлады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен бірге сот оған жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелмен танысып, оны дәретханада зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі жыныстық қатынасқа келісімін берген. Бірақ сот оның уәжіне қарамай, әйелдің арызын ғана ескеріп, футболшыны 4,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Дани Алвес былтыр 23 қаңтарда қамауға алынған болатын. Сол кезден бері қамауда отыр. Камерада ол жалғыз емес. Жанында тағы бір атақты бразилиялық футболшы Роналдиньоның бұрынғы оққағары Коутиньо бар. Алвес оны бұрыннан таниды.

Прокурордың айтуынша, қылмыс 2022 жылы 31 желтоқсанда болған. Бразилиялық футболшы қылмысын мойындамай, сот шешіміне шағым түсіретінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама