Halyq Uni логотип
×

Адвокат жұртты пара беруге итермелегені үшін сотталды

Ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды

 Динара Амантай 22.02.2024 | 16:10
Адвокат жұртты пара беруге итермелегені үшін сотталды
Фото: Halyq Uni

Адвокат алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталушы өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, оларды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңгені иемденген.

Адвокат алқабилерді аударылған қаражатты өз жұмысы үшін ақы ретінде алғандығына сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағандығын дәлелдеді.

Алқабилер сотының үкіміне сәйкес, сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және жұртты аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама