×

Президент Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2024 | 11:05
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады.

Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да Сіздің басшылығыңызбен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдіремін. Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал сауд халқына бақ-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама