Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік электронды қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған күдікті ұсталды

Залалдың көлемі 49 млн теңгеден асты

 Динара Амантай 22.02.2024 | 10:57
Мемлекеттік электронды қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған күдікті ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электронды қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікке ілінген Қарағанды тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, келтірлген залалдың көлемі 49 млн теңгеден асты.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама