×

«Ордабасы» Кәсіпқой футбол лигасының кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

«Тобыл» күміс медаль, «Ақтөбе» командасы қола жүлде иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2024 | 09:50
Фото: Instagram.com/fc__ordabasy/

«Ордабасы» клубы Түркияда өткен Winter Cup Қазақстан ҚКФЛ Қысқы кубогының иегері атанды.

Шымкенттің клубы финалда Қостанайдың «Тобыл» командасын матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальтилер сериясы берілгенде 7:6 есебімен жеңді.

«Ордабасы» кубоктың иегері ретінде 60 млн теңге сыйақы алды. Ал «Тобыл» 40 млн теңгеге ие болды.

Енді «Ордабасы» мен «Тобыл» 25 ақпанда Қазақстан Суперкубогының финалында кездеседі.

Турнирдің қола жүлдесін «Ақтөбе» командасы иеленді. Ақтөбеліктер 3-орын үшін матчта пенальти сериясында Семейдің «Елімай» клубын 3:2 есебімен жеңді. Бұл ойынның негізгі уақытында қарсыластар 2:2 есебімен тең тарқасты.

Осы матчта Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов жарақат алды. Ол ойынның 66-минутында алаңдағы орнын босатты. Футболшы жарақатының қаншалықты ауыр екені белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама