Жағдай тұрақты
Алматылықтар жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-арнасында хабарлады.
ТЖМ мәліметінше,«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок.
Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - делінген хабарда.