Қарағанды облысында бала саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру басталды

Динара Амантай

Мектеп жасындағы бала «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелген

Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастауға бастамашылық жасады. Мектеп жасындағы баланың «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.

Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы «Пионерский» балалар үйіне тапсырылған.

Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда жүргені белгісіз екенін анықтады.

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы («Кәмелетке толмағандарды саудалау») фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.