ШҚО-да екі бөлім басшысы жауапқа тартылды
Олар прокуратураның заңды талаптарын елемеген
Шығыс Қазақстан облысында 2 бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың толықтығын бағалау мақсатында, инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттерді орындау үшін ШҚО Самар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі мен мемлекеттік кірістер органдарына қажетті материалдармен қамтамасыз ету туралы талап жолдады.
Алайда ауыл шаруашылығы және мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшылары прокуратураның заңды талаптарын елемеген.
Салдарынан 2024 жылғы 2 және 14 ақпандағы Самар ауданы сотының қаулыларымен прокурордың талаптарын орындамағаны үшін жоғарыда аталған уәкілетті органдардың басшылары ӘҚБтК-нің 665-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.