СҚО-да 9 мектептің директоры жауапқа тартылды

Динара Амантай

Кәмелетке толмағандардың құқығы өрескел бұзылған

Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директорлары тыйым салынған контентке ашық қолжетімділікке мүмкіндік бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер кәмелетке толмағандар құқығының өрескел бұзылғандығын анықтады.

«Білім туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар ашық қолжетімділік тыйым салынған сайттар анықталды. Қадағалау органының қаулыларына сәйкес, білім беру ұйымдарының директорлары ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.

Қадағалау органы балалардың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандар облыс прокуратурасының сенім телефонына (8-7152-36-03-83)  хабарласа алатынын еске салады.