Отандық кино мен сериалдарға түсіп жүрген танымал жас актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына түрмеден хат жазып, әлеуметтік желіде жариялады.
Отандық кино мен сериалдарға түсіп жүрген танымал жас актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына түрмеден хат жазып, әлеуметтік желіде жариялады.
Ол өзін 80 пайыз әйелдер қолдап жатқанын, ел ағаларының көмектеспегенін айтты.
«Түн. Тым-тырыс. Түрлі ойлар. Анамды, әкемді, бауырларымды, жақындарымды, сіздерді сағындым. Күйбең тірлік деп жүгіріп жүрсіңдер ме? Иә, бір жағынан тірі адам тіршілігін жасайды. Бұл – заңдылық. Бізде де мұнда солай. Бәрі режиммен. Таңның атысы, күннің батысы, қайталанбалы дүние. Бостандықта жүрген кезімді сағындым. Әлі күнге дейін мұнда қалай тап болғанымды ұға алар емеспін. Кеше бір жаңалық естідім. Әлгі, Түркістандағы 5 жасар қызды зорлаған езге 2 жыл условный берді дей ме? Әлде шалыс естідім бе? Қызық, ә?! Менің жағдайыма осынша уақыт. Осының бәрін жұта береміз бе? Жалпы, мені қолдап жатқан адамдардың 80% әйелдер қауымы. Сіздерге Алла разы болсын! Бауырлар, сіздер ше? Үстемдіктерің қайда? Ел ағалары, сіздер ше? Бір бауырларыңа, қол ұшын созуға жарамай қалдыңыздар ма?», – деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Асқар Жұмабеков өткен жылғы қазан айында 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге сотталды.
Асқар Жұмабек «Қарлығаш ұя салғанда», «Рауза», «Ақжауын» телехикаялары арқылы көрерменге жақсы таныс.