Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз сақталады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтіледі, тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасынмен қар сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-желдің күшеюі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман болады.
Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз сақталады.