Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды
Ол қалаға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген
Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының автокөлікті мас болып жүргізу фактісінің жолын кесті. Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген. Енді ол рөлде мас болғаны үшін жүргізуші жазаланады.
Сот Израиль азаматын 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алды.