Halyq Uni логотип
×

Нұр-Сұлтанда 23 жастағы қыз екі қап жаялық ұрлап, базарда сатқан

Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен

 Халық үні 28.05.2022 | 08:25
Нұр-Сұлтанда 23 жастағы қыз екі қап жаялық ұрлап, базарда сатқан
Фото: tengrinews.kz

Елордада дәріханалардың бірінен сәбилерге арналған жаялықтарды ұрлаған қыз видеоға түсіп қалған.

Фармацевт кетіп қалғанын байқаған қыз дәріханадан екі қап жаялықты ұрлаған. Төрт күннен кейін ол осы әрекетін тағы қайталаған. Кейін ол ұрланған тауарларды базарда кездейсоқ жолаушыларға арзан бағада сатып отырған.

Тәртіп сақшылары бейнекамералардағы жазбаларды қарап, күдіктіні анықтады. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

23 жастағы елорда тұрғыны ұрлық жасағанын мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама