×

Абу-Дабиде Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан екі жүлде жеңіп алды

София Фарафоноваға күміс, Анна Левковецке қола медаль бұйырды

 Дастан Жұмабекұлы 20.02.2024 | 14:55
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында мәнерлеп сырғанаудан Abu Dhabi Classic Trophy-2024 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы София Фарафонова эстониялық Натали Лангербаурға есе жіберіп, 129.30 ұпаймен 2-орынға ие болды. Тағы бір отандасымыз Анна Левковецке (127.79 ұпай) қола жүлде бұйырды. Сондай-ақ Нұрия Сүлеймен де 4-орыннан көрінді.

Турнирге барлығы 31 елден 9 спортшы қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама