Halyq Uni логотип
×

Ақтөбелік тұрғын жылыжайда қарасора өсіріп, есірткі зертханасын ашқан

Жылыжайдан бөлек, зертханада қарасораны өңдейтін арнайы бөлме бар

 Халық үні 28.05.2022 | 07:30
Ақтөбелік тұрғын жылыжайда қарасора өсіріп, есірткі зертханасын ашқан
Фото: ашық дереккөздерден

Облыс орталығының тұрғыны жылыжайында қияр емес, қарасора өсірумен айналысқан. Заманауи техникамен жабдықталған ескірткі зертханасын қала маңындағы саяжайлардың бірінде 48 жастағы тұрғын ашқан.  

Қарасора әдеттегідей бақшада емес, үй гүлдері сияқты бөлек-бөлек ыдыста өсірілген. Саяжай иесі полицияға есірткі шөпті өзім үшін өсірдім деп түсіндіруге тырысты. Тұқым мен қажетті техниканы интернет дүкендерден сатып алғанын айтқан. Жылыжайдан бөлек, зертханада қарасораны өңдейтін арнайы бөлме де бар.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары зиянды өсімдікті түгел жұлып әкетті. Салмағы 400 грамнан асатын есірткі заты сараптамаға жіберілген. Ал жылыжай қожайыны қамауға алынып, қазір тергеліп жатыр.

Ақтөбеліктің бар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама