Террористік акт туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды
Белгісіз біреулер Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Dostyq Mаll» сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деген хабар таратты. Осыған байланысты сауда орталығынан 700 адам эвакуацияланды.
Полиция жарылғыш зат қойылуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты. Арнайы бөлімше қызметкерлері сауда орталығынан бомба немесе оған ұқсайтын күдікті затты таппады. Қазіргі таңда жалған «террористі» ұстау бойынша шара қолға алынып жатыр. Террористік акт туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, ҚР ҚК 273 бабы бойынша бұл әрекетке қатысты 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Биыл осы баппен СҚО-ның екі тұрғыны 1 және 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.