ABBA квартеті 36 жылдан кейін қайта жиналып, көпшілік алдына шықты

Халық үні

Қазір квартет мүшелері мен олардың тыңдармандарының жасы да 70-тен асып кеткен

Фото: ашық дереккөздерден

Атақты швециялық квартеті тыңдармандарының алдына шығып, ең танымал әндерін орындады. Нақтырақ айтқанда, Лондондағы ABBA Voyage резиденциясында квартеттің виртуалды аватарлары ән айтты. Резиденцияның ашылуын көппен бірге әншілердің өздері де толық құрамда тамашалады.

Мен аватарымды сахнадан көргенде, өзімді сол экрандағы жігітке жан бітіргендей сезіндім», - дейді ABBA тобының бұрынғы мүшесі Бьорн Ульвеус.

Қазір квартет мүшелері мен олардың тыңдармандарының жасы да 70-тен асып кеткен. Алайда, виртуалды алаңдағы әншілер 1979 жылғы кейпінде жасалған. Әншілердің виртуалды нұсқасын жасаушылар мейлінше түпнұсқаға жақындату үшін олардың қимыл-қозғалысын айнытпай салған. Ал, цифрлық киімдерін Dolce&Gabbana сән үйі жасап шығыпты.

Бұл ABBA-ның нағыз отбасылық мерекесі болды. Ғажап. Мен мұндай міндетті түрде тағы келемін», - дейді топ жанкүйерлерінің бірі.