×

Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілді

Беларусьтің спортшысы Арина Соболенко 2 325 ұпаймен көш бастады

 Дастан Жұмабекұлы 19.02.2024 | 14:10
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатардың Доха қаласында аяқталған Qatar Totalenergies Open WTA 1000 турнирінің финалисі атанғаннан кейін WTA чемпиондық кестесінде 2-орынға шықты.

Жаңартылған чемпиондық кестеде Беларусьтің спортшысы Арина Соболенко 2 325 ұпаймен көш бастаса, Елена Рыбакина (1 828 ұпай) 4-орыннан 2-орынға көтерілді.

WTA-ның бүгін жаңартылған рейтингінде алғашқы төрттікте өзгеріс бола қойған жоқ.

Польша өкілі Ига Швентек, Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф пен Елена Рыбакина алда келеді. Тағы бір Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева 76-дан 77-ге, Жібек Құламбаева 489-дан 491-ге, Гөзал Айнитдинова 745-тен 751-ге түсті. Ал Аружан Сағандықова 79-орынға көтерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама