×

Семейде аяздан көпір екіге бөлініп кетті

Cаңылаулардың ұзындығы кей жерде 20 сантиметрге жетеді

 Дастан Жұмабекұлы 19.02.2024 | 12:21
Фото: Qaz365.kz

Семей қаласындағы көпір қатты аяздан жарылып, екіге бөлініп кетті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, саңылаулардың ұзындығы кей жерде 20 сантиметрге жетеді. Қазір қала әкімдігі көпірдің екіге бөлінген жерін бақылап отыр.

Қала әкімдігіне сілтеме жасаған Qaz365.kz-тің хабарлауынша, 16 ақпанда -29 градус аязда деформациялық тігістер мен аспалы көпір тіректерінің көрінетін конструкциялары тексерілген. №1 тіректе шамамен 70 мм және деформациялық тігістердің жоталары арасындағы №10 тіректе 60 мм саңылау табылды. Көпір тіректерінің жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланды, нысанның құлау қаупі анықталған жоқ.

Қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Осы уақытта қала көшелерінде және шеттегі тұрғын массивтерде 80-нен астам арнайы техника мен мердігерлік ұйымның 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Жолдарды қар мен мұздан тазарту, көктайғаққа қарсы іс-шаралар және қарды жаппай шығару жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама